Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді

Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді
Фотоиллюстрация: Kznews

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту жұмыстарының қарқынына қатысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

– «Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Маған жұмыс қарқыны төмендеп кетті деген ақпарат түсті», – деді Үкімет басшысы.

Жиын барысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов аталған жобалардың ерекше бақылауда екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мердігер ұйымдарға құрылыс қарқынын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілген.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңдарында үш ауысымды жұмыс кестесі енгізіліп, шамамен 1,5 мың жұмысшы жұмылдырылған. Сонымен қатар негізгі жабдықтар жеткізіліп, монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Премьер-министр жобаларды белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

– «Роман Васильевич, іс басына барып тексеріңіз, сосын нәтижесін баяндаңыз. Объективті ақпарат керек», – деп тапсырды Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы жауапты тұлғаларға жұмыстың аяқталу мерзімін бұзуға жол бермеуді қатаң ескертті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.