Ресей президенті Владимир Путин Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен әңгіме барысында АҚШ президентін танкке теңеген, деп хабарлайды kznews.kz
Бұл туралы Bloomberg басылымы келіссөздердің стенограммасына сілтеме жасап жазды.
«Ол танк сияқты алға қарай тоқтаусыз қозғалады. Бұл өз нәтижесін көрсетіп жатыр, оған тек қуану керек», — делінген мақалада Ресей президентінің сөзі ретінде.
Сондай-ақ Путин Трамптың бір уақытта бірнеше дағдарысты, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды да тиімді басқара алатынын жоғары бағалаған.