Домой Жаңалықтар «Үйленуге ұсыныс жасады». Айжұлдыз Адайбекова көңіл білдірген азаматтың ұсынысынан неге бас тартқанын...

«Үйленуге ұсыныс жасады». Айжұлдыз Адайбекова көңіл білдірген азаматтың ұсынысынан неге бас тартқанын айтты

0
1812

Музыкант, дизайнер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова осы жылы жеткен жетістіктері мен орындалмай қалған мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Kznews.kz медиа порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жанар Айжанованың қызы пәтер алып, анасы мен әпкесін Меккеге жіберіп, алты елге саяхат жасағанын айтып осы жылғы жетістіктерімен бөлісті.

“Менің нәтижем: 4 кинокартинаға түстім, музыка шығарып, бейнебаян түсірдім, құрбыммен Меккеге бардым, мешіттің салынуына ат салыстым”, – деп толықтырды ол.

Сондай-ақ Айжұлдыз орындалмай қалған мақсаттарының да тізімін жазды.

“Досымды жоғалттым. Қазір мүлдем араласпаймыз. Бұл екеуімізге де сабақ болды. Анама көлік әпере алмадым. Уақыт болмағандықтан, түрік тілін үйрене алмадым. Десе де, бұл жай ғана сылтау”, – деп жазды Айжұлдыз.

Актриса белгісіз азаматтың өзіне үйленуге ұсыныс жасағанын айтты.

“Маған ұсыныс жасады. Бірақ мен бас тарттым. Мен еркіндікті жақсы көремін. Алда жоспар көп”, – деп себебін түсіндірді ол.