Жәнібекке қатысты тың дерек: туған анасы болуы мүмкін әйел табылды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Халықтың қолдауы дем береді": Жүрсін Ерман денсаулығы туралы айтты

"Халықтың қолдауы дем береді": Жүрсін Ерман денсаулығы туралы айтты
ашық дереккөзден

Айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман денсаулығына байланысты бастан өткерген ауыр кезең туралы айтып, сол уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдау көрсеткенін жеткізді. Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында баяндады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақынның айтуынша, қант диабеті оның жағдайын күрт нашарлатып, өміріне қауіп төндірген. Алматыдағы ірі медициналық орталықта ем қабылдағанымен, дәрігерлер оның аяғын кесу қажет деген шешім шығарған.

"Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. "Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты.

Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні аураханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", - деп жан сырын ақтарды ақын.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер