Жәнібекке қатысты тың дерек: туған анасы болуы мүмкін әйел табылды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы күтпеген мәлімдеме жасады

Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы күтпеген мәлімдеме жасады

Қаза болған Нұрай Серікбай ісі бойынша марқұмның туыстары күдіктінің жақындарын да жауапқа тартуды талап етуде, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда тіркелген. Бейнебақылау жазбаларында 28 жастағы ер адамның қызды қуып жетіп, пышақтаған сәті анық көрінеді. Тергеу барысында бұл қылмысқа дейін бірнеше ай бойы жалғасқан аңду (сталкинг) және «алып қашу» деректері болғаны белгілі болды.

Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбайның айтуынша, 2025 жылдың қазан айында күдікті Нұрайды алдап, Алматыдан Шымкентке алып кеткен. Сол жерде оның туыстары қызды күштеп ұстап, үйлену тойын ұйымдастыруға әрекет жасаған. Кейін ағасы қарындасын алып кетіп, полицияға жүгінген.

Алайда оның сөзінше, құқық қорғау органдары қызды ұрлау, қудалау және қорқыту фактілері бойынша бірнеше арызды назардан тыс қалдырған. Іс тек қыз қаза тапқаннан кейін ғана белсенді түрде тергеле бастаған.

Отбасы мүшелері күдіктінің туыстары да қылмысқа қатысы бар деп есептейді. Олардың айтуынша, олар қыздың телефонын тартып алып, сыртқа шығуына мүмкіндік бермей, күштеп ұстап отырған.

Сұлтан Серікбай мұндай қылмыстар әдетте жалғыз адамның әрекеті болмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, іске қатысы бар барлық тұлғалар заң алдында жауап беріп, негізгі күдіктіге ең қатаң жаза тағайындалуы тиіс.

Сонымен қатар, ол Жаңаөзенде болған ұқсас істі мысалға келтіріп, онда қызды алып қашуға қатысқаны үшін бірнеше адамның сотталғанын еске салды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.