“Түрмеде ет асып, ет жеп отырған шенеуніктерді көрдік” — Ринат Зайытов

0

Ринат Зайытов түрмедегі олқылықтар туралы айтты.

«Мен әртүрлі оқшаулау мекемелерінде болдым. Түрлі жағдайлармен, танысу мақсатында да. Кейбір оқшаулау мекемелерінде арнайы камераларды өздеріне ыңғайлы етіп жасап алып, 1-2 бөлмелі үй сияқты қылып, тұрып жатқан адамдар да бар. Сотталған шенеунік ет асып, ет жеп отырғанын да көрдік. Бұл біздің түзету мекемелеріндегі бассыздықтың айқын көрінісі. Үстемдікті түзету басшылары кімге бергісі келеді, соған береді. Біреуге үстемдік береді, ал керісінше осыны ашық айтамын деген адамдарды қинайды, азаптайды. Біз оқшаулау мекемелерін тазалауымыз керек», — деді Ринат Зайытов.

 

фото: ашықдереккөз