Әнші Сиви Махмуди «Кездесу» бағдарламасында Алмас Кішкенбаевпен арада болған сезімі туралы айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі олардың жас кезінде қыз бен жігіт ретінде араласқанын жасырмады. Оның айтуынша, таныстық бастамасы өзінен болған: «Алмастың номерін берші, танысайыншы» деп сұрап, алғаш өзі жазған.
Сиви Махмуди ол кезде мектеп жасында болғанын еске алып, балаң сезімін де бөлісті:
«15 жастағы бөпемін ғой… Алмастың суретін шығарып, фотошоппен екеумізді қосып қойып, бөлмеме іліп қоятынмын», - деді әнші.
Әнші Сиви Махмуди бұл қарым-қатынасты «бала махаббаты» деп атап, бірге жүргендерін айтты. Дегенмен, арада шекара сақталғанын ерекше атап өтті:
«Жүрдік екеуміз. Бірақ онымен жүргенде қол ұстасып та көрмедім… Алмасқа да рақмет айтамын, менің де қолымды ұстамаған».