Пайда - 133,6 млрд, шығын - 5,1 млрд: "Қазпоштаның" хәлі мүшкіл ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құралай Нұрқаділова алғаш рет әже атанып, қуанышын елмен бөлісті

Құралай Нұрқаділова алғаш рет әже атанып, қуанышын елмен бөлісті
Фото: Ашық дереккөзі

Белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова әлеуметтік желідегі парақшасында көптен күткен сүйінші жаңалығын жариялап, алғаш рет әже атанғанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай үшін бұл ерекше сәт болды. Бейнежазбадан оның немересін құшағына алып отырғаны байқалады, қуанышты хабарды оқырмандары бірден жылы қабылдады.

Пікір қалдырған көпшілік Құралай Нұрқаділованы жаңа мәртебесімен құттықтап, сәбиге ақ тілегін арнады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында “Құралай, саған әже болған жарасады екен”, “Немеренің бауы берік болсын”, “Заманбек атасының шөбересі аман болсын” деген ізгі лебіздер жиі жазылды.

Оқырмандардың шынайы тілегі отбасының қуанышын еселей түскендей әсер қалдырды. Сән әлемінде өзіндік орны бар Құралай Нұрқаділованың бұл жаңалығын көпшілік ерекше ықыласпен қабылдады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер