Астанада пәтерлерді арнайы құрылығымен тексеріп жүрген кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада пәтерлерді арнайы құрылығымен тексеріп жүрген кімдер?

Астанада пәтерлерді арнайы құрылығымен тексеріп жүрген кімдер?

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде тұрғындар екі күмәнді ер адамды байқап, олардың әрекетіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Астаналық куәгерлердің айтуынша, ер адамдардың бірі лифтіні белгілі бір қабатта ұстап тұрып, бейнебақылау камерасына түспеуге тырысқан. Ал екінші адам осы уақытта қолына барсетка ұстап, подъезд алаңын аралап жүрген.

Бейнежазбада оның қандай да бір құрылғының көмегімен пәтер есіктері мен қабырғаларды тексеріп жүргені байқалады. Бұл әрекет астаналық тұрғындардың күдігін күшейткен.

Аталған видео Threads әлеуметтік желісінде samen_salemov аккаунтында жарияланған.

Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты түрлі пікір білдіруде. Кейбірі видеодағы адамдар автокөлік ұрлаумен айналысатын топ болуы мүмкін деп болжайды. Олардың айтуынша, мұндай қаскөйлер арнайы құрылғылар арқылы көліктің кілтінен шығатын радиосигналды ұстап алып, сол арқылы көлікке қол жеткізуі мүмкін.

Алайда бұл ақпаратқа қатысты ресми органдар тарапынан әзірге ешқандай растау берілген жоқ.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары