Прагматикалық парадокс: солтүстіктегі мектептердің саны мен сапасы
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Баян Мақсатқызы қазақ тіліндегі діни тіркестерге қатысты ойын айтты

Баян Мақсатқызы қазақ тіліндегі діни тіркестерге қатысты ойын айтты
Фото: іnstagram.com/BayanMaxatkyzy/

Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы кезде күнделікті қолданыста көбейген діни сөз тіркестері туралы пікір білдіріп, қазақ тілінің табиғи болмысы жайында өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ол қазақ тілі ешнәрсеге мұқтаж емес, бай да қуатты тіл екенін атап өтті. Продюсердің айтуынша, ана тіліміз өз мағынасын да, мазмұнын да өз сөздерімен толық жеткізе алады.

“Бұрын біз «МашАлла», «Әлхамдулилла» деген сөздерсіз қалай өмір сүрдік? Қазақ тілі бай әрі өзін-өзі толық қамтитын тіл ғой, мұндай сөздерсіз де сөйлесек болады емес пе?” – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Желіде бұл пікір бірден қызу талқыланды. Бір топ оқырман продюсердің сөзін қолдап, қазақ тілінің тазалығын сақтау қажет екенін айтты. Ал енді бір бөлігі мұндай тіркестердің рухани әрі діни мәні барын алға тартып, олардың қолданысына қарсы шығуға болмайтынын жеткізді.

Осылайша, Баян Мақсатқызының жазбасы қоғамда тіл тазалығы, діни ұғымдар және күнделікті сөз мәдениеті төңірегіндегі кезекті пікірталасқа түрткі болды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер