Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемге танымал әнші Рики Мартин Алматыда концерт береді

Әлемге танымал әнші Рики Мартин Алматыда концерт береді
Рики Мартин. Фото: instagram.com/ricky_martin

Әлемге танымал әнші Рики Мартин 2026 жылдың жазында Алматы қаласында концерт өткізеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концерт 18 шілде күні Алматыдағы «Спартак» стадионында өтеді деп жоспарланып отыр.

Билеттерді алдын ала сату 19 наурыз күні сағат 11:00-де басталады. Ал жалпы сатылым 21 наурыз күні сағат 11:00-де іске қосылады.

Концерт аясында Рики Мартин қазақстандық тыңдармандарға өзінің әлемге әйгілі хит әндерін орындайды.

Айта кетейік, бұл концерт әншінің кең ауқымды әлемдік турнесінің бір бөлігі болмақ. Сондай-ақ тур аясында ол алғаш рет Тбилиси қаласында да өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Рики Мартин – әлемдік поп-музыка жұлдызы. Ол 1971 жылы 24 желтоқсанда Пуэрто-Рикода дүниеге келген. Музыкалық мансабын жасөспірім кезінде Menudo тобының құрамында бастаған. Кейін жеке шығармашылық жолға түсіп, халықаралық деңгейде үлкен танымалдыққа ие болды.

1999 жылы шыққан “Livin’ la Vida Loca” әні оны әлемдік жұлдызға айналдырды. Сонымен қатар “She Bangs”, “Maria”, “La Copa de la Vida”, “Vente Pa’ Ca” сияқты хит әндері бүкіл әлемде кеңінен танымал.

Өнер иесі музыка саласындағы жетістіктері үшін Grammy және Latin Grammy сыйлықтарын бірнеше рет жеңіп алған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.