Танымал актриса тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

0

Актриса Мәдина Оспанова тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді. Сүйінші жаңалықты кино жұлдыздың өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Бұған дейінгі өмір болмағандай. 24 сағаттық толғақ, 40 минут босану. Құдайды, өмірді сүйемін.

Біз ата-анамыз. Жақсы көремін», – деп жазба қалдырды ол.

Сондай-ақ Мәдина перзентханадан фото жариялады.

Оспанованы алғашқылардың бірі болып кинодағы серіктесі Төреғали Төреәлі құттықтады.

«Құтты болсын Мадикош! Бауы берік болсын! Бақыттты болыңыздар!», – деп тілек білдірді ол.

Айта кетейік, Мәдина Оспанова Төреғалидің «Ұлы дала комедиясы» фильмінде басты рөлді сомдады.