Астана қалалық полиция департаменті соңғы күндері әлеуметтік желіде тараған заңсыз айыппұлдар туралы пікірлерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды, деп хабарлайды kznews.kz.
Сайт тілшісінің сауалына орай ведомствоның жауабында мұндай жағдайлар сирек кездесетіні айтылған. Негізінен техникалық себептермен байланысты.
«Көп жағдайда бұл мемлекеттік тіркеу нөмірін (ГРНЗ) қате оқуға байланысты болады. Яғни, нөмірдегі қандай да бір әріп немесе белгі дұрыс танылмай, соның салдарынан құқық бұзушылық автоматты түрде тіркеліп, басқа тұлғаға жіберілуі мүмкін», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Сондай-ақ, департамент қате жазылған айыппұлдарға қатысты жауапкершілік мәселесіне де тоқталды.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының қате жолдануы техникалық себептерге байланысты орын алады, себебі ол автоматты түрде қалыптастырылады. Бұл – техникалық қате», – деп түсіндірді ведомство.
Бұған дейін хабарланғандай, елордада орнатылған жаңа камералар мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында пилоттық режимде жұмыс істеп тұр.