278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген қашан үйленеді? Бұл сауалға анасы жауап берді

Димаш Құдайберген қашан үйленеді? Бұл сауалға анасы жауап берді
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген-нің анасы, әнші Светлана Айтбаева болашақ келініне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, отбасы үшін ең бастысы – жастардың бір-бірін шынайы түсінуі мен сыйластығы. Ол болашақ келінінің тәрбиелі, білімді, ақылды әрі адал болғанын қалайтынын жеткізді.

"Жақсы сөз – жарым ырыс" дейміз ғой. Көпшіліктің тілеуі. Біздің де күтіп жүрген сондай бір әдемі сәтіміз… Барша тілеулес болып жатқан жандарға рақметімді айтамын. Ең алдымен өзіне ұнайтын, бір-бірін түсінетін, тәрбиелі,  білімді, ақылды, адал жар болса деп тілеймін", – деді Света Айтбаева.

Димаш Құдайберген – қазақ халқының мақтанышы, әлемге танылған дарынды әнші. Ол 1994 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Оның толық аты – Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген. Димаш өнерлі отбасында тәрбиеленіп, бала кезінен музыкаға жақын болды. Әкесі мен анасы да белгілі әншілер болғандықтан, ол өнерге ерте келді. Бес жасынан бастап сахнаға шығып, түрлі байқауларға қатыса бастады.

Жастайынан-ақ өзінің ерекше дауысымен көпшілікті таңғалдырды. Димаштың дауыс диапазоны өте кең, ол бірнеше октавада еркін ән айта алады. Ол классикалық, эстрадалық және халық әндерін шебер орындайды. Әнші қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай тілдерінде ән шырқайды.

Оның халықаралық деңгейде танылуына үлкен үлес қосқан байқау – "Славян базары". Осы байқауда Гран-при жеңіп алғаннан кейін оның атағы бүкіл әлемге тарады. Димаш Қытайдағы "Singer" жобасына қатысып, ерекше өнерімен миллиондаған көрерменді тәнті етті. Оның сахнадағы бейнесі мен орындаушылық шеберлігі жоғары деңгейде бағаланады. Әнші көптеген халықаралық марапаттарға ие болған. Сонымен қатар, ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған. Димаш тек ән айтып қана қоймай, ұлттық мәдениетті әлемге танытып жүр. Оның концерттері әлемнің көптеген елдерінде аншлагпен өтеді. Жанкүйерлері оны ерекше құрметтеп, "Dears" деп аталады. Әншінің қарапайымдылығы мен еңбексүйгіштігі де көпке үлгі. Бүгінде Димаш Құдайберген қазақ өнерін жаңа деңгейге көтерген тұлға ретінде бағаланады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.