278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Эминем мен Шакира Алматыда өнер көрсетуі мүмкін: әкімдік не дейді

Эминем мен Шакира Алматыда өнер көрсетуі мүмкін: әкімдік не дейді
Фото: ашық дереккөзден

Әлемдік эстрада жұлдыздары – рэп орындаушы Эминем мен әнші Шакира 2026 жылы Алматыда концерт беруі мүмкін. Алайда бұл концерттердің өтетін күні мен орны әзірше нақты белгіленбеген, деп хабарлайды kznews.kz.
Қоғамдық кеңестің №5 комиссия отырысында «Спорттық нысандар дирекциясы» ЖШС бас директоры Есет Байтасов Алматыда әлемдік деңгейдегі екі әншінің халықаралық гастрольдік туры аясында өнер көрсетуі мүмкін екені жөнінде алдын ала ақпарат берген.

Алайда қазіргі уақытта Эминем мен Шакираның концертіне қатысты ресми құжат жүзінде бекітілген келісімдер жоқ екені белгілі болды.

    – Аталған ақпарат таныстыру сипатында ғана айтылған және іс-шаралардың өтетінін білдірмейді. Қазіргі таңда мәселе пысықталып жатыр. Ресми келісімдер жасалған жоқ, күні мен орны да бекітілмеді. Тиісті барлық келіссөз аяқталғаннан кейін ресми ақпарат қосымша беріледі, - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.