Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады
Фото: Ақорда

17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды kznews.kz.
    - Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған, - деп мәлімдеді Ақорда.

Айта кетейік, Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

Бұған дейін төрт мемлекеттің елшісі Президентке сенім грамоталарын тапсырды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.