Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ сенаты Иранға қарсы әскери әрекеттерін шектеу туралы резолюцияны тағы қабылдамады

АҚШ сенаты Иранға қарсы әскери әрекеттерін шектеу туралы резолюцияны тағы қабылдамады
Фото: ашық дереккөзден

АҚШ сенаты президент Дональд Трамптың Иранға қарсы әскери іс-қимылдарын Конгресс рұқсатынсыз жүргізу құқығын шектеуге бағытталған резолюцияны қайта қолдамады, деп хабарлайды kznews.kz.

Құжатты 47 сенатор қолдап, 52-сі қарсы дауыс берген.

Аталған бастама демократтар тарапынан ұсынылған. Олар әскери әрекеттерді Конгрестің ресми келісімінсіз жалғастыруға болмайтынын алға тартып отыр. АҚШ Конституциясына сәйкес, соғыс жариялау құқығы Конгреске тиесілі.

Алайда Ақ үй мен республикашылдар президенттің әрекеттерін заңды деп санайды. Олардың пікірінше, мемлекет басшысы бас қолбасшы ретінде белгілі бір шектеулі операцияларды Конгресс рұқсатынсыз жүргізе алады.

Сенаттағы пікірталас барысында халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Джим Риш демократтарды сынап, оларды Иранды қолдап отыр деп айыптады. Ал қарулы күштер комитетіндегі жетекші демократ Джек Рид керісінше, әріптестерін қақтығысты ушықтырмай, бейбіт жолды таңдауға шақырды.

Қоғамдық пікір де екіге бөлінген. Сауалнама деректеріне сәйкес, америкалықтардың 60%-ы Иранға қарсы әскери әрекеттерге қарсы. Дегенмен, бұл мәселе партиялық ұстанымға байланысты өзгереді: республикашылдардың басым бөлігі Трампты қолдаса, демократтардың аз ғана бөлігі келіседі.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.