Суданда өтпелі әскери кеңес басшысы отставкаға кетті

0

Суданда өтпелі әскери кеңес басшысы, елдегі әскери төңкерісті басқарған Ахмед Авад ибн Ауф отставкаға кетті. 11 сәуірде ел президенті Омар әл-Башир қызметінен кетірілген соң елдегі тұтас билік сол басқарған өтпелі әскери кеңеске өткен еді. Бірақ мыңдаған тұрғын бұл шешіммен келіспей, билікті азаматтық үкіметке беруді талап етіп, көшедегі наразылықтарын жалғастырған.

12 сәуір кешке телеарна арқылы арнайы мәлімдеме жасап, “ұлт мүддесі” үшін қызметінен кеткенін жеткізген Ахмед Авад өз орнына генерал Әбдел Фаттах Бурханды тағайындаған.

11 сәуірде Суданда әскери төңкеріс болып, ел президенті Омар әл-Баширдің отставкаға кеткені белгілі болды. Елді 30 жыл басқарған президент Омар әл-Башир режиміне қарсы наразылық шаралары өткен жылдың желтоқсан айында басталған. Әуел баста наразы тұрғындар азық-түлік бағасын арзандатуды талап еткен. Кейінірек наразылық акциясы саяси сипат алды.

Оқи отырыңыз: Суданды 30 жыл басқарған президент биліктен кетті

Azattyq