Щучинск қаласында мектеп мұғалімі суға батқан баланы құтқарамын деп көз жұмды

0

Щучинск қаласында 65 жастағы мектеп мұғалімі көлге батқан баланы құтқарамын деп көз жұмды. Ақпаратты Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұғалім баланы құтқарып үлгерген. Алайда өзі суға тұншығып қалған.

«2023 жылдың 12 шілдесінде Щучинск қаласы маңындағы көлдің қарсы бетінде 1958 жылы туған ер адам баланы құтқарамын деп көз жұмды. Ер адам баланы құтқара алған, бірақ өзі суға тұншығып қалды. Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды жағаға шығарып, Жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсеткен. Өкінішке қарай, құтқару мүмкін болмады», – делінген хабарламада.

Sinegor.kz мәліметінше мұғалімнің есімі – Александр Иванович Руденко. Ол Алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген.