Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шерзат ісі бойынша сотталғандар өздерін толық ақтауды сұрады

Шерзат ісі бойынша сотталғандар өздерін толық ақтауды сұрады

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты даулы іс қайтадан сот қарауына жіберілді. Бұл іс бойынша сотталғандар кассациялық шағым түсіріп, өздерін толық ақтауды талап етуде, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады. Оның айтуынша, шағымдарды Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов берген. Олар әлі күнге дейін сот үкімімен келіспей отыр.

Адвокаттың сөзінше, жәбірленуші тараптың қорғаушылары құжаттармен жақында ғана таныса алған, өйткені сот отырысы 7 сәуірге белгіленген.

Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында болған төбелес кезінде Шерзат Полат пышақ жарақатынан көз жұмған еді.

Негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін 23 жылға сотталды. Тағы бір айыпталушы Равиль Сакиев топтасып адам өлтіруге оқталу бабы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал төбелеске қатысқан басқа тұлғалар пышақ қолданған бұзақылық және өзге де қылмыстар үшін 7 жылдан 15 жылға дейін жаза алған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер