Серік Сәпиев: “Алдын-ала қорытынды шығармаңыздар”

0

Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасының соңғы күндері жарысқа шығатын спортшыларды қолдауға шақырды, деп хабарлайды ЭК.

Ол алтын медаль алдағы күндері болатынын, сондықтан халықты спортшыларымыздан әлі де үміт үзбеуге шақырды.

«Алдын-ала шешім шығарудың қажеті жоқ. Олимпиада әлі бітпеді. 8 тамызға дейін уақыт бар. Сондықтан жарыс жолына енді шығатын спортшыларымызды барынша қолдайық. Жеңілу деген оңай емес. Оны өзімнің басымнан өткен соң білемін. Жүлдесіз қайтудан ауыры жоқ. Біз әлі де соңына дейін барымызды саламыз. Ал Олимпиада аяқталған соң, талдау жасап, шешімдер қабылданады«, — деді Сәпиев.

Қазақстан 3 тамыздағы жарыс күнінен кейін жалпы командалық есеп үш қола медальмен 75-орында тұр. Елімізден Токио Олимпиадасында Елдос Сметов (дзюдо), Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика), Игорь Сон (ауыр атлетика) жүлдегер атанған.