+200 миллиард теңге: Тимур мен Динара Құлыбаевтардың байлығы тағы артты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңаөзенде жоғалған әйел сегіз айдан бері табылмай жатыр

Жаңаөзенде жоғалған әйел сегіз айдан бері табылмай жатыр
Фото: @lider.kz / Instagram

Жаңаөзен қаласында былтыр тамыз айында үйінен шығып кеткен 47 жастағы Дина Жарылғасова әлі күнге дейін табылған жоқ. Әйелдің жоғалғанына сегіз айдан асса да, оны іздеу жұмыстары тоқтамаған, деп хабарлайды kznews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Lider.kz еріктілерінің мәліметінше, Дина Жарылғасова 1-шағынауданда тұрған. Ол 2025 жылғы 5 тамыз күні кешкі сағат 19:00 шамасында үйінен шығып кеткеннен бері хабар-ошарсыз кеткен.

Жоғалған әйелдің бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі орташа болған.

Сол күні оның үстінде ақ таңбалары бар қара көйлек және өрнекті ұзын қызыл жилет болған. Сондай-ақ қолында хаки түсті шағын сөмкесі болғаны айтылады.

Еріктілер мен туыстары Дина Жарылғасованы көргендерден немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір мәліметі бар азаматтардан хабар беруді сұрап отыр.

Кез келген ақпаратты +7 (700) 911-72-92 нөміріне немесе 102 арнасына хабарлауға болады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер