Пайда - 133,6 млрд, шығын - 5,1 млрд: "Қазпоштаның" хәлі мүшкіл ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мақпал Жүнісова әуежайда домбырасы үшін тағы да ақша төледі

Мақпал Жүнісова әуежайда домбырасы үшін тағы да ақша төледі
Фото: Ашық дереккөзі

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әуежайда домбырасын ұшаққа өткізу кезінде тағы да түсініспеушілікке тап болғанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz Sn.kz-ке сілтеме беріп.

Әншінің айтуынша, Қостанайға аттанар алдында әуежай қызметкерлері музыкалық аспапты бортқа алып өту үшін қосымша ақы төлеу қажет екенін айтқан. Бұл жағдай өнер иесінің наразылығын туғызған.

“Әуежайға келдік. Тағы да айқай-шу басталды. Тағы бір қыз келіп, “домбыраны өткізуге болмайды” деп қақылдап кетті. Бұған тағы да ақша төлейсіз дейді. Депутаттар шешкен сияқты еді, анығын кім біледі?” – деді Мақпал Жүнісова.

Кейін әнші мен әуежай қызметкерлері ортақ келісімге келген. Нәтижесінде домбыраны ұшаққа өткізу үшін 5 мың теңге төленген.

Өнер иесі бұл жолғы төлемді бұрынғы жағдаймен салыстырып, жеңіл қабылдағанын жасырмады.

“Жүйкеміз орнына түсті. Домбыраға бес мың теңге ақша алды. Осы жолы арзан алды. Ана жолы 65 мың теңгеге шапка мен домбыраға билет алып едім. Бұл жолы өте арзан екен”, – деп күлді халық әртісі.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер