+200 миллиард теңге: Тимур мен Динара Құлыбаевтардың байлығы тағы артты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ерекше мәртебеге ие Алатау қаласы аумағында қандай заңдар қолданылады?

Ерекше мәртебеге ие Алатау қаласы аумағында қандай заңдар қолданылады?
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Парламент палатларының бірлдескен отырысында ерекше құқықтық мәртебесі бар Алатау қаласында реттеу қалай жүзеге асырылатыны талқыланды. Атап айтқанда, депутаттар жаңа тетіктердің Қазақстанның қолданыстағы заңнамасымен арақатынасы мәселесін көтерді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов заң жобасына сәйкес, қаладағы негізгі салаларды реттеу арнайы актілер деңгейіне берілуі мүмкін екенін атап өтті.

«Заң жобасына сәйкес, 3 және 32-баптарда Алатау қаласындағы реттеу, соның ішінде экономиканың барлық негізгі секторлары — салық, құрылыс, экология, кәсіпкерлік — әкімшілік актілері арқылы жүзеге асырылады. Жедел даму үшін арнайы тәсілдер қажет екені түсінікті, бірақ сұрақ туындайды: бұл ерекшеліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қалай үйлеседі?», - деп сұрады Бәшімов.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мұнда жеке басқару моделін құру туралы айтылып отырғанын жеткізді.

«Сіз өте маңызды мәселені Алатау қаласының дамуындағы құқықтық архитектураны қозғадыңыз. Инвестиция тарту, қаржылық инфрақұрылым, жер қатынастарына қатысты барлық нормалар премьер-министр басқаратын кеңестің актілерімен реттеледі», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл кеңес Мемлекет басшысының жарлығымен құрылады.

«Негізінде, біз экожүйе құрып жатырмыз. Президент қаланың қарқынды дамуы үшін дербес экожүйе қалыптастыруды тапсырды. Дәл осы бағыттар кеңес актілерімен реттеледі», - деп түсіндірді Бозымбаев.

Сонымен қатар, азаматтардың негізгі құқықтарына қатысты базалық заң нормалары өзгеріссіз қалады.

«Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, құқық қорғау жүйесі, қылмыстық-процестік заңнама, неке-отбасы қатынастары, төтенше жағдайлар мен мемлекеттік билік мәселелері өзгеріссіз қалып, республикалық заңнамамен реттеледі», - деді вице-министр.

Ол ерекше мәртебе ең алдымен экономика мен инвестицияға қатысты болатынын қосты.

«Қаланың экономикасын дамытуға және инвестиция тартуға мүмкіндік беретін барлық мәселелер кеңес деңгейінде шешіледі. Ал Конституция кепілдік беретін барлық нәрсе Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында қалады», - деп түйіндеді Бозымбаев.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі