2026 жылдың 28 ақпанынан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылдары салдарынан елде 3186 адам қаза тапқан. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі америкалық HRANA агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Қаза тапқандардың ішінде 1394-і – бейбіт тұрғындар. Олардың қатарында 210 бала бар. Сонымен қатар 1153 адам әскери шығын ретінде тіркелген. Ал тағы 639 адамның тағдыры әзірге белгісіз болып отыр.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Тегеранда болған жаппай толқулар кезінде де 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 10 мыңнан астам адам ұсталған еді.
АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әуе шабуылдарын 28 ақпанда бастаған. Содан бері әскери әрекеттер 21 күн бойы жалғасып келеді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Иран қарсы әрекеттерін тоқтатпаса, елдегі ең ірі газ кен орындарының біріне соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеген.