«Сәбиді дәретханаға тастамаңыздар!». Алматыда нәрестелерге арналған бокстар орнатылды

0

Жаңа туған нәрестені қоқысқа лақтырғанша «Үміт бесігіне» алып кел! Алматы облысында әлеуметтік жоба қолға алынды. Оның басты мақсаты жаңа туған шақалақтан анасы бас тартып жатса оны әжетхана немесе көшеге лақтырғанша арнайы бокске қалдыруға болады. Жоба авторлары осылайша тастанды балалардың өмірін сақтап қалуды көздеуде.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Бұл кісі боксқа тастаған кезде хат алады. Конверт бар соның ішінде бәрі жазылған сонымен танысады. Танысқаннан кейін қайтадан қайтарып аламын десе бала өкіметтің қарауында болады. Ары қарай қайтаруға көп мүмкіншілігі бар», — деді Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Байділдәқызы.

Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы Есік қаласының шетінде орналасқан. Сондықтан баласын тастап кететін болса көп адамның көзіне түсе қоймайды, әрі камера жоқ. Онымен қоса баласынан бас тартқан аналар тәубесіне келген кезде нәрестені қайтарып алуына мүмкіндігі бар дейді ақ халаттылар. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Баланы қалдырған сәтте бірден ауруханаға белгі беріп, дәрігерлер баланың денсаулығын тексеріп өз бақылауына алады.

Егер денсаулығында кінараты болмаса, 10 күннен кейін құжаттары әзірленіп, балалар үйіне өткізілмек. Өткен жылы Еібекшіқазақ ауданында тастанды бес бала табылса, биыл жыл басынан бері бір баладан анасы бас тартып, пекетке салып дүкеннің есігіне қыстырып кетіпті. Ал имамдар шариғатта баласынан бас тарту ауыр күнә екенін айтады. Дегенмен қоқысқа, әжетханаға лақтырып кеткенше осында әкелетін болса өміріне қауіп төнбейді дейді.

«Бір адамдар көз жасын тиыла алмай жылап, көше-көшеде, мешіттерде дұға қылып «иа раббым маған бір перзент берші ұрпағымды жалғайтын бала шаға берші» деп жылап жатқан мұсылмандарды көріп жатамыз құрметті ағайындар. Бұл жерге әкеп тастап кете беру бізде исламда да, шариғатымызда құптамайды. Бұл жақсы нәрсе емес. Сондықтан біз жеткізуіміз керек жастарымызға», — деді аудандық мешіт имамы Сапархан Төреқұлов.