Жәнібекке қатысты тың дерек: туған анасы болуы мүмкін әйел табылды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды
Фото: gov.kz

Сот талқылауы жабық сот отырысында өтті

Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қазасына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды kznews.kz елорда соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 20.02.2026 жылғы үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді», – делінген хабарламада.

Негізгі сот талқылауы жабық сот отырысында өткендіктен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес іс бойынша өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада көз жұмғаны хабарланған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.