Қазақстанда «Яндекс.Такси» компаниясына тексеріс жүргізілуде

0

Егер монополиялық-жоғары бағалар анықталса,  арнайы шаралар қабылданады, — деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Агрегатор 17-20% комиссия алады және жаңбыр, қар, мереке күндері тұтынушыларға қызмет көрсету сұраныстың артуына байланысты едәуір қымбат бағаларды белгілейді, — деп хабарлады агенттік. Бұл халықтың наразылығын туыдырады.

«Тұтастай алғанда, такси нарығын цифрландыру кез келген жағдайда нарықты монополиялауға алып келді. Агрегаторлар қызмет көлемін арттыру  арқылы ақша табады. Екінші жағынан, агрегатордың қызметіне сұраныс неғұрлым көп болса, оның бағасы соғұрлым жоғары болады. Тарифтердің өсуі осыған байланысты. Сонымен қатар бұл нарықта бәсекелестік бар.  «Яндекс. Такси» мен Endriver-дан бөлек басқа агрегаторлар және такси компаниялары жетерлік. Мұны әрі қарай клиент шешеді», — деп түсіндірді ЖҚРА басшысының орынбасары Рустам Ахметов.

http://t.me/orda_kz
Фото: kapital.kz