Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа құдаларынан келген сый-сияпаттарды көпшілік назарына ұсынып, қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі Instagram-да жариялаған бейнежазбада құдалардың арнайы алып келген тарту-таралғылары мен дәстүрге сай жасалған сыйлықтар көрсетілген. Видеода қазақы салтқа сай құдалық рәсімі кезінде ұсынылған бағалы сыйлар мен ақ тілектер де бейнеленген.
Желі қолданушыларының назарын аударған жайттардың бірі – құдалардың әншінің қызының қалыңмалы ретінде 15 миллион теңге табыстағаны. Бұл көрініс әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, көпшілік түрлі пікір білдірді.
Алтынай Жорабаева өз жазбасында құдаларына алғысын айтып, екі әулеттің арасындағы сыйластықтың нығая беруіне тілектестік білдірді.
«Жаңа құдаларымыздың ақ ниетпен алып келген сый-сияпаттары. Әкелген әрбір тартуына шын жүректен алғыс айтамыз. Береке-бірлігіміз арта берсін!» – деп жазды әнші.
Айта кетейік, бейнежазба жарияланғаннан кейін желі қолданушылары құдалық дәстүрі, қалыңмал мөлшері және ұлттық салт-дәстүр төңірегінде қызу пікір алмасты.