“Әндерді жатқа біледі”: Джеки Чанның Ақтаудағы әрекеті жұртты таңдай қақтырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Джеки Чан Қазақстандағы кеште Miyagi және Сабуровпен бірге көзге түсті

Джеки Чан Қазақстандағы кеште Miyagi және Сабуровпен бірге көзге түсті
фото: ашық дереккөз

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Ақтаудағы бейресми кештердің бірінде танымал ресейлік рэпер Miyagi (Азамат Құдзаев) және комик Нұрлан Сабуровпен бірге байқалды. Музыкант кештен түсірілген кадрларды өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жарияланған видеоға қарағанда, Джеки Чан Miyagi-дің шығармашылығымен жақсы таныс және оның әндеріне қосылып, сүйсіне шырқайды. Актер орындаушыны құшақтап, онымен бірге суретке түскен.

Желі қолданушылары Голливуд жұлдызы мен рэп орындаушының күтпеген кездесуін қызу талқылап жатыр.

Бұдан бөлек, әртіс әлеуметтік желіде өзінің шығармашылығына тәнті жанкүйерлерімен түскен бірлескен суреттерін де жиі бөліседі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Джеки Чанның қатысуымен "Құдай сауыты: Ультиматум" фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Ақтау қаласы негізгі түсірілім алаңдарының біріне айналды. Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы да фильмнің басты локацияларының бірі болады. Бұған дейін картинаның түсірілімі 18 шілдеде ресми түрде басталғаны хабарланған болатын.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.