Нұрлан Әлімжанов Астана қаласындағы Байқоңыр ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Ол басқа жұмысқа ауысқан Талғат Рахманбердінің орнына келді, деп хабарлайды kznews.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Нұрлан Әлімжанов мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы бастаған.
2012 жылғы тамыз бен 2015 жылғы шілде аралығында Қарағанды қаласының Октябрь ауданы және Балқаш қаласы әкімдерінің аппараттарында әртүрлі қызмет атқарды.
2015-2020 жылдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда басшылық лауазымдарда еңбек етті.
Кейін Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын, одан соң кәсіпкерлік басқармасын басқарды.
2023 жылғы сәуірден тамызға дейін Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап жаңа тағайындауға дейін Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды.