Хаби Алонсо Дастан Сәтпаевтың алғашқы голына баға беріп, мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Адам өлімі болды”: Көкшетауда күйеуінің көлігін куәліксіз жүргізген әйел жазадан құтылды

“Адам өлімі болды”: Көкшетауда күйеуінің көлігін куәліксіз жүргізген әйел жазадан құтылды
Фото: ашық дереккөз

Көкшетауда жол-көлік оқиғасынан кейін көлік иесіне қатысты қозғалған қылмыстық іс рақымшылық туралы заңның негізінде тоқтатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, жергілікті тұрғын көлігін жүргізуші куәлігі жоқ жұбайына басқаруға берген. Салдарынан тәжірибесі жоқ жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, адам өліміне әкелген жол апаты болған.

Осы оқиғадан кейін автокөлік иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 349-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға көлікті беріп, оның салдарынан адам өліміне жол берген жағдайлар үшін жауапкершілікті көздейді. Аталған баптың санкциясына сәйкес, айыпталушы үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Алайда сот істі қарау барысында елімізде Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заңды қолданды. Соның нәтижесінде көлік иесі рақымшылыққа ілігіп, оған қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Осылайша сот қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдап, іс рақымшылық актісінің негізінде аяқталды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.