Тоқаев: Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатып, уақытша бітімге келуі қажет
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Сенің әке-шешең де ауылдан шыққан”: Тұрсынбек Қабатовтың қызы жағымсыз пікір жазатындарды “колхоздарға” теңеді

“Сенің әке-шешең де ауылдан шыққан”: Тұрсынбек Қабатовтың қызы жағымсыз пікір жазатындарды “колхоздарға” теңеді
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның қызы Айару Тұрсынбекқызының тікелей эфирде айтқан сөздері әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тікелей эфир барысында Айару өзіне жағымсыз пікір қалдыратын оқырмандарға жауап беріп, олардың көпшілігін «ауыл» және «колхоз» деген сөздермен сипаттады. Сонымен қатар ол өзінің түрлі саладағы жетістіктерін айтып, мұндай пікір жазатын адамдардың өмірде ештеңеге қол жеткізбегенін жеткізді.

«Маған жағымсыз пікір қалдыратындардың бәрі ауылдан шыққан деп ойлаймын. Мен 14 жасымда жақсы билеймін, коньки тебемін, футбол ойнаймын. Ал сендер осылардың бірін істей аласыңдар ма? Өздеріңді ауылдан шыққан адамдар сияқты ұстайсыңдар. Тіпті "колхозсыңдар" деуге болады», – деді ол.

Айарудың бұл пікірі көпшілік арасында әртүрлі реакция тудырды. Бірқатар желі қолданушылары оның сөзін орынсыз деп бағалап, ауыл тұрғындарына қатысты мұндай жалпылама пікір айту дұрыс емес екенін жазды.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі Айаруға оның ата-анасы да ауылдан шыққанын еске салса, енді бірі танымал тұлғалардың балалары қоғамдық ортада айтатын сөздеріне жауапкершілікпен қарауы керек екенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.