Қазақстан интернетті өшіріп, шығынға ұшыраған елдер арасында көш бастап тұр

0
77

Қазақстан интернетті өшіріп, шығынға ұшыраған елдер арасында әлемде көш бастап тұр. Бұл 2022 жылғы статитикаға байланысты. Былтырғы жыл басында қаңтар қақтығысы кезінде интернет қана емес, қарапайым  мобильді байланыс жүйесі де елімізде жұмыс істемеді. Бұл тәжірибені 2019 жылғы митинг кезінде билік өкілдері пайдаланған еді.

Tpo10VPN.com порталының зерттеуінше, Қазақстан 23 елдің арасынан ең көп шығынға ұшыраған мемлекеттер арасында 3 орынды иеленген.

Бірінші орын Ресейде, олар интернет пен байланыс жүйесін өшіре отырып, 21,59$ млр шығынға ұшарады. Екінші орынды Иран иеленеді. Олар 773$ млн доллар жұмсаған. Ал Қазақстан үшін интернет өшіру 410,3$ млн доллар шығынға әкелді. Жалпы байланыстың бұғатталуы 144 сағатқа созылған.

Ал ТМД елдерінің тізімінде Өзбекстан (219,7$ млн — 5 орын), Түрікменстан (29$ млн — 10 орын), Тәжікстан (2,1$ млн) бар.

ақпаратhttp://Ztb.kz

фото: inform.kz