77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Саясатта несі бар?»: партия қатарына қосылған Мөлдір Әуелбекова сынға қалды

«Саясатта несі бар?»: партия қатарына қосылған Мөлдір Әуелбекова сынға қалды
Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова күні кеше «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қатарына қосылған болатын, деп хабарлайды kznews.kz.

Партия төрағасы Серік Егізбаев әншіге салтанатты түрде партиялық билетті табыстап, оның ұйымның ресми мүшесі атанғанын мәлімдеген еді.

Әуелбекова бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өзінің өмір жолындағы жаңа кезең басталғанын атап өтті:

Мен оралдым! Серік Рахметоллаұлы бастаған @auyl_partiasy-ның мүшесіне қабылдандым! Бұл мен үшін тағы бір нық қадам! 2010 жылдан бастап бірнеше жыл Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы болып қызмет жасағаннан кейін, 2017 жылдан “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымында шығармашылық топтың басшысы болдым, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова бүгінде 40 адамды жұмыспен қамтып отырғанын айтты.

Кейін бақытыма орай қыз босанып, декреттік демалысқа кеттім. Құр отырмай 5 жылда @beyne_official киім өндірісін ашып, 40 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Қазақстан бойынша 9 дүкен есігін ашты! Ал биыл үзілістен кейін қайта өз өнер жолыма оралып, Қазақстанның барлық қалаларында мерейтойлық есеп беру концерттерімді беріп, турымды сәтті аяқтадым! Қолдап, сәттілік тілеп қойыңыздар, тілеулестерім! – дейді «Ауыл» партиясының су жаңа мүшесі.

Әншінің бұл шешіміне көпшілік екіұдай пікір білдіріп жатыр. Бірі оның саясатқа келуін жақтаса, енді бірі даттап жатыр.

«Айналайын сені әнші Мөлдір қылған халық, сен де халықты сыйла, «түйе сойса да қасапшы сойсын» деген сөз бар қазақта, ол жер ел тағдыры шешілетін жер, сен не шешем деп барып отырсың, жұмыс ұсынса ала бересіңдер ме, нағыз білімді, ел басқаратын адамдарымыз жұмыссыз жүр, әніңді айт та жүре берсей, қайда кетіп бара жатырмыз, елімізді әнші басқаратын күйге түстік пе, өзі қанша ауылдар жабылып, омсырайып қалып жатыр, бұл не шешеді, нағыз ауылды көтеретін білімді, білікті мамандарды неге алмады жұмысқа, ел тағдырымен ойнауға шықтыңдар ма енді», «Ой, шіркін, «Ауыл» партиясы не бітіреді екен?», «Байдан байға секіріп, енді халыққа секірейін деді ме», «Депутат болмақшы ма?», «Саясатта несі бар?», «Жетпей тұрғаны осы еді», «Еріккеннің ісі», - деп жазып жатыр оқырмандары. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.