“Қыз Жібектің” қамзолы Алагөзоваға қалай келген? - Министрлік жауап берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы резонанс: экс-полиция басшысы екі айға қамауға алынды

Атыраудағы резонанс: экс-полиция басшысы екі айға қамауға алынды
Фотоиллюстрация: Kznews

Атырау қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Бақтыбек Исаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Атырауда бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. «Орда» басылымының дерегінше, сот шешімімен экс-шенеунікке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Бақтыбек Исаев бұған дейін қылмыстық іс қозғалғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Кейін ол тергеу изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өңірге ведомствоның өз қауіпсіздік қызметі барғаннан кейін жүргізілген тексеріс барысында бұрынғы басшының қызметінде заңбұзушылықтар анықталған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол ішкі істер органдарынан теріс әрекеттері үшін босатылды», – деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, бұл жағдайдан кейін өңірдегі тағы бірнеше жоғары лауазымды полиция қызметкері қызметінен босатылды. Олардың қатарында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және ішкі қауіпсіздік бөлімдерінің басшылары бар.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, іс есірткі заттарының айғақ ретінде өтуімен байланысты болуы мүмкін.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.