Танымал қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова отандық кино тарихындағы ерекше жәдігерге ие болды. Ол – Қыз Жібек фильміндегі басты кейіпкер киген аңызға айналған қызғылт қамзол, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы 2026 жылдың 16 сәуірінде продюсер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, жарты ғасырдан астам тарихы бар бұл құнды дүниені кезінде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешова киген.
Сирек кездесетін киімді киіп көрген Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильмі өзінің ең сүйікті туындысы екенін айтып, бұл сәтті үлкен бақытқа балаған.
Сондай-ақ, ол бұл қамзолдың жай ғана киім емес, ерекше тарихи мұра екенін атап өтті. Продюсердің сөзінше, бұйым 50 жыл бұрын қолдан тігілген және оның авторы – танымал суретші Гульфайрус Исмаилова.