Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қарағандыға барғанында ешкім құрмет көрсетпегенін айтып, архивінде жатқан ескі видеоны жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Видео қай жылы түсірілгені жазылмаған. Бірақ таспа ескі vhs кассетадан алынғаны көрініп тұр. Ол жерде Қарағанды оьлысының сол уақыттағы облыс әкімінің орынбасары, жергілікті кәсіпкерлер күтіп алғаны көрсетілген.
“Зәкең марқұм билікте болғанда, Қарағандының дөкейлері осылай траптан қарсы алып еді, осы жолы барғанда біреуінің төбесін көрмедік, ең болмағанда мәдениет бөлімінің біреуі келмеді ғой” деп жазды әнші Инстаграмдағы жеке аккаунтында.