77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ләйлә Сұлтанқызы еліміздегі әнші, әртістердің есірткі қолданатын-қолданбайтынын тексеруді ұсынды

Ләйлә Сұлтанқызы еліміздегі әнші, әртістердің есірткі қолданатын-қолданбайтынын тексеруді ұсынды
фото: ашық дереккөз

Әртістер есірткіге тест тапсыруы қажет. Ел арасында көптен айтылып жүрген бұл бастаманы Астана қаласының мәслихат отырысында белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы көтерді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Шетелдік тәжірибені мысалға келтірген ол, жастарға үлгі болатын өнер өкілдері қоғам талабына сай болуы керек деген пікірде.

"Жалпы ұсыныс ретінде, зайырлы мемлекеттерде мынадай тенденция бар. Танымал, біздің жеткіншектер көретін жұлдыздардың барлығын рұқсатсыз тексеруге байланысты. Егер сондайды елімізде жасайтын болса, қоғаммен көбірек жұмыс, ата-анамен жұмыс, танымал тұлғаларды тексеру, оның қанын алу арқылы анықтап, соңында өздері, енді оларды сыйлағаннан кейін, құрметтегеннен кейін, оларды тәртіптік жазаға тартқаннан кейін, қалған адамдар аяқ тартады деген мәселемен жасалып жатыр. Біз де сондай әдісті көрсек", - дейді Астана қаласы мәслихатының депутаты Ләйлә Сұлтанқызы.

Мәслихат депутатының айтуынша, мұндай тәжірибе бірқатар зайырлы елде, соның ішінде Түркияда кеңінен қолданылады. Яғни ел алдында жүрген өнер адамдары медициналық тексеруден өтуге міндетті. Ал қан құрамынан есірткі ізі табылғандардың тізімі бүкіл елге жарияланады.

Жағымсыз әрекетімен жұрттың аузынан түспейтін біздің елдің сахна серкелеріне де осы заң қажет дейді депутат. Әнші, әртістердің де біразы бұл бастаманы қолдап отыр.

"Есірткіге 100 пайыз, 200 пайызға дейін қарсымын. Тек өнер адамдары емес, бүкіл қазақстандықтарды тексерсе де қарсы емеспін. Тексерілуге де дайынмын. Бұл жерде мынадай нәрсе бар. Басқа бір дәрі немесе соған бір ұқсас нәрсені қолданып жүрген, басқа жеміс-жидектерден де табылады. Сондықтан соны да бақылау керек. Егер есірткі шекпейтін адам боп, оны тексерген кезде қан құрамынан есірткі шықса, оны есірткі шегеді екен деп, елге жариялап, оның өміріне балта шабуымыз мүмкін", - дейді әнші Асан Пердешов.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.