"Әділет" партиясы: "жаңа дегеніміз ұмытылған көне" ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Үйленгеніне 5 жыл болған”: Танымал актер көңілдесімен кинотеатрға барам деп, әйеліне ұсталып қалды

“Үйленгеніне 5 жыл болған”: Танымал актер көңілдесімен кинотеатрға барам деп, әйеліне ұсталып қалды

Танымал актер Алишер Бокунов қатысқан келеңсіз жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Тараған видеода актердің кинотеатрға бөтен қызбен келген сәтінде жұбайына тап болғаны байқалады. Ашуланған әйел күйеуіне ренішін жасырмай, оны «жұмыстамын» деп алдағанын айтып, эмоциясын ашық білдірген.

Ол күйеуінің басқа қызбен гүл ұстап келгеніне наразы болып, өзіне көптен бері мұндай көңіл бөлінбегенін жеткізген.

Өз кезегінде актер жағдайды ушықтырмауға тырысып, жұбайын сабырға шақырғанымен, оқиға көпшілік алдында өтіп, жұрт назарын аударды.

Бұл видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырып, қызу талқыға себеп болды.

Видеоның астына оның жұбайының сіңлісі де пікір қалдырған.

"Бұл қойылым емес. Бұл азаматтың менің әпкеммен үйленгеніне 5 жыл. Әпкемнің ішінде 3 айлық бала бар. 2 рет кездесіп көңіл қосқан. Ол кезінде әкемнің алдына барып жалынып, жұбайына қол жеткізген еді", - деп жазды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.