Қоғамдық пікір: жұрт саяси жүйеге қаншалықты сенім артады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қыз Жібектің” қамзолы Алагөзоваға қалай келген? - Министрлік жауап берді

“Қыз Жібектің” қамзолы Алагөзоваға қалай келген? - Министрлік жауап берді

Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсер Баян Алагөзованың әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін туындаған «Қыз Жібек» фильмінің костюмдеріне қатысты жағдайға нүкте қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, біріншіден, «Қазақфильм» киностудиясының музейінде аталған туындыда пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сенімді түрде сақтаулы тұр. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің баға жетпес мұрасы ретінде мемлекет қорғауына алынған. Ал продюсер көрсеткен екінші камзолдың жеке тұлғаларға қандай жолмен өткені қазіргі уақытта зерттеліп жатыр.

Екіншіден, бүгінде «Қазақфильм» мамандары ұлттық туындылардың түсіріліміне қажет болған құнды бұйымдарды, костюмдер мен тарихи реквизиттерді жүйелі түрде жинақтап, оларды қалпына келтірумен айналысуда. Бұл жұмыстар мәдени қазынамызды келер ұрпаққа сол қалпында жеткізу үшін атқарылып келеді.

Үшіншіден, жуырда «Қазақфильм» базасында заманауи стандарттарға сай келетін жаңа музей ашу көзделуде. Онда отандық кино өнерінің тарихына қатысты ең сирек экспонаттар көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Министрлік мәдени байлықтарды қорғауға басымдық беретінін және жұртшылықты толғандырған сауалдарға әрдайым нақты әрі ашық жауап беруге дайын екенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.