“Қыз Жібектің” қамзолы Алагөзоваға қалай келген? - Министрлік жауап берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елена Рыбакина WTA 500 финалында қарсыласын ойсырата жеңіп Porsche 911 көлігін иеленді

Елена Рыбакина WTA 500 финалында қарсыласын ойсырата жеңіп Porsche 911 көлігін иеленді
Фото: picture alliance / Contributor / picture alliance / Gettyimages.ru

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Финалда қазақстандық теннисші әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховадан басым түсті. Қорытынды есеп — 7:5, 6:1.

Осылайша, Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы екінші титулын иеленді. Бұған дейін ол қаңтар айында Australian Open турнирінде топ жарған болатын.

Турнир барысында қазақстандық спортшы бірнеше мықты қарсыласты тізе бүктірді. Атап айтқанда, ол ресейлік Диана Шнайдерді (әлемдік рейтингте 19-орын) — 6:3, 6:4 есебімен, канадалық Лейла Фернандесті (25-орын) — 6:7, 6:4, 7:6 есебімен және тағы бір ресейлік Мирра Андрееваны (9-орын) — 7:5, 6:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Рыбакина Штутгарттағы турнирде екінші рет чемпион атанып отыр. Бұған дейін ол бұл жарыста 2024 жылы да жеңіске жеткен еді.

Жеңіс сыйлығы ретінде қазақстандық теннисшіге Porsche 911 автокөлігі табысталды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.