Қарызға белшесінен батқан байлардың элиталық кешені
Қыдырғали Байбек — қазақстандықтарға Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі және Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы ретінде танылған азамат. «Nur Otan» партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарының айтуынша, оның әкесі өмірін толықтай темір жол қызметіне арнаған. Алайда, қазір Қыдырғали Байбек бизнеспен белсенді айналысып, Астана мен Алматыда қымбат баспана сатып алуды қолға алған. Orda.kz сайтының редакциясы зерттеу жүргізді.
Green Village — елорданың сол жағалауындағы элиталық тұрғын үй кешені. Ол Есіл ауданында, Домалақ ана көшесінде орналасқан.
Жылжымайтын мүлікті іздеу kn.kz сайтына сәйкес, бұл жердегі шаршы метрдің құны 873 832 теңгеден басталады. Бес қабатты 13 коттеджге арналған жарнамалық брошюрада тұрғын үйдің елордада басқа баламасы жоқ деп мәлімдейді. Әрбір меншік иесінің жеке ғимаратқа кіретін есігі бар, ал соңғы қабаттарда екінші деңгейлі пентхаустар орналасқан. Тұрғын үй ағылшын стилінде салынған.
Пәтерлердің құны 187-ден 750 млн теңге аралығында бағаланады.
Green Village ТК квадратурасы:
- 3 бөлмелі-220 ш.м. бастап;
4 бөлмелі-236 ш.м. бастап;
5 бөлмелі-265 ш.м. бастап;
6 бөлмелі пентхаус-455 ш.м. бастап;
7-бөлмелі пентхаус-463 ш. м. басталады.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тұрғын үй кешенінің ішінде тәулік бойы күзет және бейнебақылау, түнде аумақты патрульмен тексеру, қоршалған аула, меншікті тәулік бойы пайдалану қызметі, әр отбасы үшін паркинг,
ойын алаңдары, велосипед жолдары, жүгіруге арналған аллеялар мен орындықтар салынған.
Элиталық кешен қаншалықты жоғары деңгейде жасалса, соншалықты шығынды да талап етеді. Мәселен, қызмет көрсететін компанияларға ай сайын төлем жасау. Бірақ Алматының бұрынғы әкімі мен «Nur Otan» партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің әкесі, Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Мұрат Әділхановтың әйелі, бизнес-орталықтың тең иесі Қуат Ахметов пен құрылысшы-бизнесмен Саламат Ахметов бұл туралы мүлдем ұмытып кеткен сияқты.
Қыдырғали Байбек 2021 жылдың 12 қаңтарында екі пәтерді иеленді. Біреуінің ауданы 247 шаршы метр, екіншісі – 220,1 шаршы метрді құрайды. Құрылыс салушының айтуынша, кәсіпкердің екі үш бөлмелі пәтері немесе төрт бөлмелі пәтері бар.
2021 жылдың 29 сәуірінен бастап Қуат Ахметовке ұқсас ауданы бар екі пәтер тиесілі: 247,5 ш.м. және 220,2 ш.м.
Бірақ Саламат Ахметов, дәлірек оның ұлы 424,1 шаршы метр тұрғын үйге ие. Бұл не 6 бөлмелі пентхаус яки 5 бөлмелі пәтер дегенді білдіреді.
Мәслихаттың бұрынғы депутатының әйелі Әлия Капковаға 2020 жылдың 17 маусымынан бастап ауданы 247,1 ш. м. және 220,3 ш. м. екі пәтер рәсімделді.
ПИК қарыздары бар барлық пәтер иелерін сотқа берді. 2022 жылғы 27 қаңтарда барлық алты талап бір сотқа біріктірілді.
Элиталық тұрғын үй кешенінің осындай керемет көрінісіне қарамастан, жылу, сумен жабдықтау мен өрт қауіпсіздігі мәселелері орын алған. Сонымен қатар, Қыдырғали Байбек, Қуат және Саламат Ахметовтардың, сондай-ақ Әлия Қапекованың заңгерлері үй сатып алынғанға дейін оны эксплуатацияға берілгені, бұрынғы меншік иесі шығындарды өтемегені үшін кондоминиум мен мүлікке ақша төлеуден бас тартатынын алға тартты.
Бірақ ең қызығы, сотталушылардың айтуынша, бұлар кешендегі пәтерлердің иелері емес және оларды мүлде пайдаланбаған.
Соттағы үшінші тұлға апаттық желілер мен ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары осы жылдың наурыз айында аяқталғанын айтты. Жөндеу құны 43 942 895 теңгені құпаған.
ПИК хаттамалық шешімімен тұрғын үй кешенінде бір шаршы метр үшін тариф 183 теңгені, аумақты күзету үшін қосымша шығыстар бір шаршы метрге 60 теңгені құрады.
Пәтер үшін кім қанша төлеуі керек?
Қуат Ахметов айына 247,5 шаршы метр пәтер үшін ай сайын 45 292,5 теңге және күзет үшін 14 850 теңге төлеуге тиіс болатын. 220,2 шаршы метр үшін тиісінше 40 296,6 және 13 212 теңге төлеу қажет еді. Жарты жыл ішінде екі пәтер үшін сома 681 мың теңгеден асып, оған қоса 268 117 теңге көлемінде өсімпұл қосылған.
Саламат Ахметов 424,1 шаршы метрге ай сайын үй қызметі үшін 77 610,3 теңге және аумақты қорғау үшін 25 446 теңге төлеуге міндетті екен. Сот нәтижесінде өсімпұлпен жарты жылда шығын 861 460,8 теңгені құрады.
Мәслихаттың экс-депутатының әйелі Әлия Қапенова ай сайын бір пәтер үшін 45 219,3 теңге төлеуі тиіс, оны күзету 14 826 теңге тұрады. Екінші пәтерді иеленудің жарты жылдық құны 588 мың теңгені құрайтын еді. 11 ай ішінде Әлия Қапеноваға өсімпұлмен бірге 1,3 млн теңгеден астам ақша төлеу міндеттелді.
Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы 9 ай ішінде екі пәтерге қызмет көрсеткені және күзеткені үшін ПИК-ке 1,2 млн теңгеден астам өсімақы төлеуге міндетті болатын.
Сот шағымды ішінара қанағаттандыруға шешім қабылдады:
Қуат Ахметов тұрғын үй кешенін басқару және қызмет көрсету, күзет, өсімпұл және сот шығындары бойынша берешегін ескере отырып, өзінің екі пәтері үшін «GREEN VILLAGE ASTANA» үй-жайлар/пәтерлер иелері кооперативіне (СПК) миллион теңгеден астам төлеуі тиіс.
Оның туысы Саламат Ахметовке ауданы 424,1 шаршы метр болатын жылжымайтын мүлік үшін 866 мың теңгеден астам қаржы төлеу керек.
Ал Алматы мәслихатының бұрынғы депутатының әйелі үшін ПИК қызметі 1 494 575 теңгені құрайды.
Сот Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы мен Алматының бұрынғы әкімі Қыдырғали Байбектің әкесіне 1 487 702 теңге төлеуге қаулы етті. Айта кетейік, бұл көрші орналасқан екі пәтердің сомасы.
Елордадағы қымбат элиталық кешен иелерінің бүгінгі жағдайы осындай…
Фото: Orda.kz