Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне байланысты қозғалған резонансты іс бойынша басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұлтартпау шарасын қалалық мамандандырылған тергеу соты бекіткен. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында отыр.
Тергеу барысында Сәрсемалиев оқиға орындарына жеткізіліп, қажетті тергеу әрекеттеріне қатыстырылған. Ол Жангелдин ауылына, сондай-ақ Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіттері табылған қаладағы үйге апарылған.
Қазір бұл іс бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кіріскен.