+200 миллиард теңге: Тимур мен Динара Құлыбаевтардың байлығы тағы артты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

+200 миллиард теңге: Тимур мен Динара Құлыбаевтардың байлығы тағы артты

+200 миллиард теңге: Тимур мен Динара Құлыбаевтардың байлығы тағы артты
Фотоиллюстрация: Kznews

Halyk Bank 2025 жылдың қорытындысы бойынша акционерлеріне қомақты дивиденд төлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды kznews.kz. Соның ішінде негізгі акционерлер – Тимур Кулибаев пен Динара Кулибаева 200 миллиард теңгеден астам табыс алуы мүмкін.

Orda.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, банк бір жай акцияға 30,10 теңге көлемінде дивиденд төлеуді ұсынды. Төлемдер 2026 жылғы 18 мамырдан басталады. Таза пайданың бір бөлігі акционерлерге үлестірілсе, қалғаны банктің өзінде бөлінбеген табыс ретінде сақталады. Жалпы дивиденд көлемі 300 миллиард теңгеден асуы ықтимал.

Банктің негізгі акционерлері – Кулибаевтар отбасы. Олар Алмэкс холдингі арқылы қаржы ұйымының басым бөлігін бақылауда ұстап отыр. Сондықтан дивидендтердің негізгі үлесі де осы акционерлерге тиесілі болады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша банк барлық негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша өсім көрсеткен. Атап айтқанда, таза пайда 1,058 триллион теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 14,9 пайызға артты. Активтер көлемі 12,7 пайызға өсіп, 20,9 триллион теңгені құрады. Ал несие портфелі 14,3 пайызға ұлғайып, 13,1 триллион теңгеге жетті.

Банктің меншікті капиталы да айтарлықтай өсіп, бір жыл ішінде 14 пайыздан астамға көбейіп, 3,5 триллион теңгеге жеткен.

Айта кетейік, банк бұған дейін де акционерлеріне ірі көлемде дивиденд төлеген. Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы төлем көлемі 300 миллиард теңгеден асқан: алдымен бір акцияға 29,64 теңге, кейін қосымша 21 теңге дивиденд берілген.

Сондай-ақ бұған дейін «Алмэкс» холдингі Halyk Bank-тің 7,6 пайыз акциясын 475,41 миллион АҚШ долларына сатқан болатын. SPO аясында инвесторларға 121,8 миллион акция 298,66 теңгеден және 17,6 миллион GDR 23 доллардан ұсынылды. Осы мәміледен кейін Кулибаевтардың қолында банктің шамамен 62 пайызы қалды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.