20 наурызда Қазақстанның бірнеше облысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай, екпінді жел және кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды kznews.kz.
Синоптиктер 20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ сақталса, кей өңірлерде жел күшейіп, найзағайлы жаңбыр жаууы мүмкін.
Атырау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз өңірдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.
Астанада 20 наурызда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Осындай жағдай Ақтөбе қаласында да байқалады.
Ақмола облысында тұман мен көктайғақ болады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдар тайғақ болуы мүмкін.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Өңірдің оңтүстігінде және таулы аумақтарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Таразда да кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Павлодар қаласында да тұман түсіп, жолдың тайғақ болуы ықтимал.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Түнде және таңертең көктайғақ сақталады. Қарағанды қаласында да арагідік тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірдің солтүстігінде және таулы бөлігінде тұман болады. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей аумақтарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шымкентте де кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Семейде 20 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында да тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болып, күндіз жел екпіні артады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда да түнгі және таңғы уақытта осы құбылыстар байқалады.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болады. Сонымен қатар өңірдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде де тұман күтіледі.
Тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын күшейтіп, алыс жолға шығарда жол жағдайын алдын ала нақтылап алу ұсынылады.