«Қарапайым қазақтың баласы»: Ерке Есмахан жаңа сүйіктісі жайлы айтты

0
37

Отандық әнші Ерке Есмахан өзінің ғашығы жайлы айтты. Әнші сүйгенінің қарапайым қазақ баласы екенін мәлім етті.

Желісінде оқырмандарымен жиі сұрақ-жауап ұйымдастырып отыратын Ерке Есмахан желі қолданушысынан келген кезекті сауалға жауап берген.

Әншінің оқырманы Еркеден сүйіктісі жайлы сұрады. Ал өнер иесі ғашығының қазақ жігіт екенін жеткізді.

«Ол бақытты жанның өзі бір әлем. Кейде сөзімді өткізу үшін «Мен Ерке Есмаханмын» десем, «Енді не қылайын?» деп бетіме қарап отырады. Сондықтан «Сенің айтқаның дұрыс» деп үндемеймін. Айта кетейін, жігітім қарапайым қазақтың баласы», — деді Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші тұрмысқа шығып, балалы болғысы келетінін айтқан болатын. Ал жақында орамал таққан әнші сүйгенінен келген бір құшақ гүлмен түскен суретін жариялап, көпшілікті қызықтырып қойған болатын.