Қанат Исламның келесі жекпе-жегі Америкада өтеді

0

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бір жыл үзілістен кейін АҚШ-та жекпе-жек өткізетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қанат қаңтар айының соңында АҚШ-тың Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас әзірге белгісіз.

Боксшының өзі қазір Америкада және бапкері Роджер Романың жетекшілігімен жаттығып жүр. Ислам қазан айында жұдырықтасу керек болған, алайда, ол кезде қарсылас табылмады.

2019 жылдың 26  қазаны Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде қазақ боксшы намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBO International титулын қорғап қалған.