Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Екі деген бағаны қоюға тыйым салынған”: Мектеп директоры сұхбатында бар шындықты жайып салды

“Екі деген бағаны қоюға тыйым салынған”: Мектеп директоры сұхбатында бар шындықты жайып салды
Фото: ашық дереккөз

Мектеп директорының оқушыларға қойылатын бағасы мен қазіргі білім саласындағы "көзбояушылықтар" туралы айтқандары әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Future School мектебінің директоры Ілияс Нұрсейітов ҚХП арнасына берген сұхбатында қазіргі білім саласындағы көптеген көзбояушылықтар туралы ашық айтты. 

Қазіргі білім саласында оқушыны бағалаудың таза өтірікке құрылғанын атқан мектеп директоры: "Маған салса, оқушыларды 7 сыныпқа дейін бағаламауды ұсынар едім. 

Ал қазір біз оқушыларға өтірік бағаны шимайлаймыз. Оқушыға "екі" деген баға қоюымызға тыйым салынған. 

Бізде "үштікке" оқитын бала бар, ол да аз. Мен бұл жерде жалпы еліміздегі бағалау туралы айтып отырмын. 

Бізден ойдан баға шимайлауды талап етеді. Бізде тек үздік оқитын балаға назар бөлінеді. Мысалы, №62 мектептің оқушысы олимпиададан жүлде алып, мектепті алтын белгіге бітірсе, бітті, сол мектеп "мықты" деп аталады. Ол мектептің басқа балалары ше? 

Бір баланың алған жүлдесімен тұтас мектепті бағалау дұрыс емес қой?!

Сонымен қатар біз үлгерімі төмен оқушыларға назар салмаймыз. Бізде "үштікке" оқыған балалардың статистикасына мән берілмейді. Ол баланың мектептен кейінгі өмірі қалай болды, ешкімді қызықтырмайды. 

Сондықтан да біздегі бағалау жүйесі түбегейлі өзгертуді талап етіп тұр деп айтар едім", дейді. 

Әлеуметтік желіде тараған сұхбаттың үзінді видеосына қатысты пікір жазған педагогтар "төмен баға қойсақ, басымыз пәлеге қалады", "бес балдық бағалау жүйесін енгізу керек", "білім сапасы "нөл", тек статистика ғана қазір", "балаға өтірік бағаны не үшін шимайлатады? Себебі тұтас білім саласының өзі құрдымға кеткен", "бағалау жүйесін емес, тұтас білім бағдарламасын өзгерту керек", "қасындағы балаға өтірік баға қойылып жатқанын көрген басқа баланың ішкі күйі ешкімді қызықтырмайды" дегенге саятын пікірлерін айтуда. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.