Түркияда есірткіге қарсы тергеу аясында шоу-бизнес өкілдерін ұстау шаралары жүргізілді. Олардың қатарында «Мүкжидек шербеті» (түрікше Kızılcık Şerbeti) сериалының актрисасы Фейза Дживелек пен әнші Мабель Матиз де бар, деп хабарлайды kznews.kz. Нurriyet басылымына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, іс есірткі сату, өндіру, пайдалану және оны таратуға көмектесу күдігіне байланысты қозғалған. Бұл туралы Ыстанбұлдың Бакыркей аудандық прокуратурасына сілтеме жасалды.
Жиналған материалдар негізінде Ыстанбұл жандармериясына 25 адамға қатысты ұстау, тінту, биологиялық сараптама жүргізу және жауап алу тапсырылған.
Қазіргі уақытта 14 күдікті ұсталған. Олардың қатарында Фейза Дживелек пен Мабель Матизден бөлек, Medcezir сериалының актрисасы әрі модель Серенай Сарыкая, актер Онур Туна, әнші Беркай және ойын-сауық индустриясының өзге де өкілдері бар.
Мабель Матиз бұған дейін де ән мәтініндегі «әдепсіз мазмұнға» қатысты айып тағылған жеке істе аты аталғаны белгілі болды. Мамыр айының басында сот әншіні ақтап шыққан.
Түркияда есірткіге қарсы рейдтер былтырғы қазан айынан бері жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде жандармерия шоу-бизнес, бизнес және спорт саласындағы танымал тұлғаларға, соның ішінде кәсіпкерлер мен спорт функционерлеріне қатысты тұрақты түрде тексеру жүргізіп, ұстау шараларын қолға алған. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін есірткі қолдану ісі бойынша бұрын іздеуге жарияланған түрік актрисасы Ханде Эрчел Ыстанбұл әуежайында ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Сондай-ақ бірнеше танымал сериалдарға түскен актриса актриса Алейна Бозок та есірткі ісі бойынша қолға түскен.